Орал қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернатында жаратылыстану, математика,информатика пәндерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Қалыптастырушы бағалау критерийлері» тақырыбында семинар оздырылды. Семинарда пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалау критерийлері мен дискрептор құру туралы ой бөлісті. Семинардың келесі бөлімінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан математика пәні мұғалімдеріне арналған курстан өтіп келген математика пәнінің мұғалімі Т.Ж. Құрманиязовтың «Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы хабарламасы тыңдалды Семинар барысында «Амандаса білеміз бе?», «Сүрткіш қағаз», «. Лимон», «Стресстің алдын алу профилактикасы» тақырыбында тренингтер өткізілді.

Сұрақ қою