Орал қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және мектебіміздің 25 жылдығына арналған арнаулы облыстық мектептер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Әсерлі ойын қортындысы бойынша 1 орын Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп- интернат-колледжі кубокқа ие болды. 2 орын Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 3 орын Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты және шараны ұйымдастырып, белсенді қатысқаны үшін облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының волейбол командасы ие болды. Достығымыз ұзағынан болсын!

 

 

Сұрақ қою