БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған "Заманауи Қазақстан.

 

КӨШБАСШЫ ЕЛБАСЫ" тақырыбында барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары мен салтанатты жиын өтті. Ашық сабақтарға үйден оқитын оқушылар келіп қатысты. Сонымен қатар, салтанатты жиынның құрметті қонағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исалиева Бибигүл Мақсотқызы құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мерекемен құттықтады. Мектеп-интернат оқушыларына тәуелсіз елдің іргесін еңселі етуге күш-жігерін салған Тұңғыш Президент туралы мағлұматтар беріліп, деректі фильмдер көрсетілді.

 

Сұрақ қою