Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 98-тармағын орындау мақсатында облысымызда 9-14 қыркүйек аралығында "Өз жеріңді танып, біл" атты акциясы өтуде.

Акцияның экскурсия, серуен бөлімдері бойынша Тұңғыш Президент алаңына бардық. Қала күніне орай ашылған "Этноауыл Ақжайықты" аралап, әдемі әрленген киіз үйлерді көрдік. Көптеген әйбәт әшекейлер жасайтын қолөнершілердің жұмыстарын тамашаладық. Сонымен қатар, облыстық тарихи өлкетану музейінің экспонаттарын көріп, оқушыларымыз көптеген мәліметтер алды.

 Ал, қаламыздың күннен күнге көркейіп, көркіне көз тоймайтындай сұлу болып отырғанына қуаныштымыз.  Себебі, әсем табиғатты әрлеп, көркейтіп тұрған жаңа алаңдар мен саябақтар баршаның көңілінен шығуда.

 

Сұрақ қою