Республикамыздың түкпір-түкпірінде "Отбасы - бақыт мекені" атты аталыммен апталықтар өтуде.

Сол шаралардың ішінен атап өтсек, бүгінгі қалалық педагогикалық дәрігерлік-психологиялық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Отбасы- алтын діңгек" шарасы. Аталмыш шараға 5 отбасы қатысып, өздерің төрт бөлімнен тұратын сайыста сыналды. Біздің мектеп интернатымыздың 6 сынып оқушысы Ақмедғали Айзере өз отбасымен бірге өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.  Осы шараға белсенділік танытып, мектеп-интернатымыздың намысын қорғап сайысқа түскен Усмановтар отбасына ризашылығымызды білдіреміз.

Сұрақ қою