БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп - интернат мамандарының бастауымен Meshta-i- Sotbori жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында бастауыш сынып оқушылары Мейірімділік- жүректен ұранымен жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Мейірім» мамандандырылған бөбектер үйіне барып, балалардың сүйікті ертегілерінің кейіпкерлері Аю мен екі Машаның киімін тігіп сыйға тартты. Бұл жобаның жүзеге асырылуына мектеп-интернат мамандары, бастауыш сынып мұғалімдері, 1-4 сынып оқушылары қатысты. Ғажайып мереке қарсаңында жасалған тосын сый бөбектерге аз да болса көңіл күй сыйласа, мектеп оқушыларына үлкен жауапкершілік сезімі орнағанын байқадық. Жоба жетекшілері Роза Гусманқызы  мен Айнұр Нұрболатқызына, шығармашылық шабыт, әлі де жалғасар жобаға сәттілік тілейміз!''

 

Сұрақ қою