БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 5 оқушысы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан балаларға арналған «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты жаңа жылдық шырша салтанатына қатысып, ерекше көңіл-күймен оралды.

        

Шара барысында балалар сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен жүздесіп, қызықты ойындар ойнады.

          

Мектеп-интернат директоры Арыстанбек Нұққалиұлы Елбасы шыршасына қатысып келген оқушыларымызға  Елбасының жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті. Оның ішінде қысқы күрте, бас киім, шарф, қолғап, қысқы аяқ киім, спорттық костюм, кроссовка, джинсы, футболка, жейде, джемпер,сөмке және тәтті сыйлықтар. Сонымен қатар  «Magic land», «Funky Town» ойын-сауық орталығындағы ойындар балаларға ерекше шаттық сыйлады.    Балалар Мемлекет басшысының өздеріне деген қамқорлығын сезініп, Елбасына, облыс әкіміне үлкен алғыстарын білдіруде.

 

Балалар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ! БҚО Білім Басқармасына, БҚО Мәдениет басқармасына мектеп ұжымы және ата-аналары атынан  алғыс білдіреміз!

.

Сұрақ қою