2018 жылы 19 тамыз күні Орал қаласындағы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында ЮНЕСКО Клубы- «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, психологиялық және философия PhD докторы Ғани Бейсембаевтың жетекшілігімен «Педагогикалық полилог» тақырыбындағы психологиялық-педагогикалық семинар-тренинг оздырылды. Осы семинар-тренингке біздің мектебіміздің ұжымы да қатысқан болатын.
Семинар-тренинг барысында әр адамның өз бойыңдағы қасиеттерді саралауға, позитивті ойлай білуге, айналамызға махаббатпен, келешекке үмітпен қарауға, әрдайым да кешірімді , бақытты болудың өз қолымызда екенін түсінуге мүмкіндік берді. Семинар-тренинг соңынан мектеп мұғалімдері арнайы сертификаттарға ие болды.
Жаңа 2018-2019 оқу жылы қарсаңында осындай семинар-тренингтің барлық әріптестерге жаңа серпіліс бергені үшін алғысымыз шексіз.
Сұрақ қою