Тамыз айының алғашқы онкүндігінде 2018 жылғы мектеп-интернат түлектері Нурхаев Ерлан М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің және Утаров Азат Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Машина жасау» факультетінің мемлекеттік грант иегерлері атанды. Бұл мектеп-интернат ұжымы үшін тамаша тарту болды.
Түлектерді ҰБТ-ге дайындаған пән мұғалімдері мен оларға тәрбие беріп, қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз! Біз түлектерімізбен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Білім алған мектеп пен ата-анасының үмітін ақтап, алдағы уақытта да жетістіктерге қол жеткізетіндеріңізге сенімдіміз.
Азат
Ерлан
Сұрақ қою