8 маусым күні Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында 2017-2018 оқу жылының қорытындысына орай «Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепішілік дәстүрлі «Педагогикалық Оскар» байқауы оздырылды.

Бұл байқауда бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, 7 ұстазбен тәрбиешілеріміз сайысқа түсіп бақтарын сынады.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең. Әдістемелік жоба. «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» 5-7 минут.

2 кезең. Шеберлік сыныбы. (мастер класс) сабақ үрдісіндегі оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалану жолдары, мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық іс-әрекетін көрсету. 7-10 минут.

3-кезең. Портфолионы бағалау. (соңғы 3 жылғы педагогикалық жұмыс нәтижелері)

4- кезең. Жағдаяттық тапсырмалар:

а) Ата-аналармен жұмыс.

б) Оқушылармен жұмыс.

Әділ қазылардың бағалау нәтижесі бойынша «Ізденімпаз мұғалім» номинациясына қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі З.Т.Кыдырсихова; «Шығармашыл мұғалім» номинациясына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.А.Махсотова; «Зерттеуші мұғалім» номинациясына бастауыш сынып мұғалімі А.Ч.Шамшиева; «Эрудит мұғалім» номинациясына мектеп психологі Н.А.Мухамбетьярова; «Ұйымдастырушы мұғалім» номинациясына тәрбиеші Қ.С.Рахимова; «Көшбасшы мұғалім» номинациясына А.Т.Султанова ие болып мадақтамалармен марапатталды. Олардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі К.К.Тюлебаева Бас жүлдеге ие болғаны үшін «Зеленый бор» емдеу сауықтыру орталығына тегін жолдаманы жеңіп алды.





Сұрақ қою