Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт-аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тегін  айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында,  бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді деген тілекпен  бүгін 1 мамыр Қазаақстан халықының бірлігі күніне орай Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында сағат 10:00-де салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Салтанатты жиында мектеп-директоры құттықтау сөзін сөйлеп, бастауыш сынып оқушылары  мерекеге арналған өлең жолдары арнады.  Сонымен қатар, «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ қою