Жаңалықтар

8 маусым күні Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында 2017-2018 оқу жылының қорытындысына орай «Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепішілік дәстүрлі «Педагогикалық Оскар» байқауы оздырылды.

1 маусым республикамыздың барлық өңірлерінде екінші рет балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі өтті. Қаламызда ұйымдастырылған «Сәлем саған, Астана!» атты шеруге 3000 жастар мен оқушылар қатысты, соның ішінде біздің де мектеп-интернат оқушылары көтеріңкі көңілмен  қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикалық макросакралды объектілер тізіміне облыс бойынша алты объекті енгізілген. Соның бірі Хазрет Жұмағазы –Дадем ата кесенесіне біздің мектебіміздің «Шырақ» жазғы демалыс лагерінің демалушылары барып,тарихымен танысып, киелі суынан дәм татып,керемет әсерде оралды.

25 мамыр Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатымызды соңғы қонырау салтанатты жиын өтті.  Салтанатты жиынға Облыстық білім басқармасынының өкілі С.М.Хамзина, Қалалық мәдени ағарту бірлестігіне қарасты қазақ зағиптар мәдениет үйінің директоры А.Б.Құсекен, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасының бірінші орынбасары М.Т.Ишимгалиева және мектеп ардагер ұстаздары қатысты.Жиын барысында «Жыл үздігі- 2018» атты жұлдыздар шеруімен қатар, оқу озаттарымен оқу екпінділері мақтау қағазы ,алғыс хаттармен марапатталды. 1 сынып бүлдіршіндері мектеп түлектеріне ақ жол тілесе, мектеп түлектері өз ізбасарларына Білім кілтің табыстады.

Өнердің сан түрін меңгерген  мектебіміздің бірегей оқушыларының бірі Дүйсенғұлов Арман, Қуанышқалиев Асылбек, Сәкенұлы Шапағаттан құралған «Қанағат» атты трио тек мектеп- интернатымызда емес, көптеген байқауларда өздерінің әсем әндерімен талайды тамсандырып жүр. Абай атамыздың бес асылының бірін бойтұмар етіп таққан трио үстіміздегі жылдың  17 - мамыр күні мектеп-интернатымызда  шығармашылықтарына 5 жыл толуларына орай «Өмір - бақытым!» атты əдемі, əсерлі кеш өткізді. Кешті топты құрып, аяқтан тік тұрып кетуіне ұстаздық қолдау көрсетіп, жетекші болған Райхан Жалғасқызы ұйымдастырып, өнерлі оқушылары  өнердің, өмірдің биігінен көріне беруіне жүрек жарды тілегін білдірген мектеп- интернат директоры Арыстанбек Нұхқалиұлы келесі оқу жылында қаламыздың үлкен сахналарының бірінде әуелеген ән кешін өткіземіз деп, өнерпаздарымызға шалқар шабыт сыйлады. Кеш барысында  Атыраулық сазгер – Қуат Әбілов пен жерлес ақынымыз Мұнайдар Балмолданың «Қанағат» триосына арнап жазған  "Өмір-бақытым" əнінің тұсауы кесіліп, ән тыңдармандарына жол тартты.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп- интернатында 15 сәуір-15 мамыр  аралығында   Астана қаласының 20 жылдығына  үш тілде:  «Астанам! Ару қалам,асқақ ордам», «Астана- наша гордость!», «I' m proud of you,my Astana!»  тақырыбындағы Л.Брайль жүйесінде оқитын,7-12 сынып оқушылары арасында Республикалық шығармашылық байқау өтті.