Жаңалықтар
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп- интернатында Орал қаласында өтетін IV Республикалық қайырымдылық гранд балының қонағы, биыл өткен "Славянский базар" байқауының І орын иегері әнші Әміремен кездесу өтті.
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 4 оқушысы 2018 жылдың 17-18 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен ІІ республикалық "Жұлдыз -ай" ...
14-16 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Аман Келешек – Здоровое будущее» V Республикалық фестивалі өтті.
8 қыркүйек күні сағат 1000 –де Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында 1 - сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» Республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға бірінші сыныптың барлық ата-аналары, мектеп әкімшілігі және мамандары қатысты. Ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
2018 жылы 19 тамыз күні Орал қаласындағы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында ЮНЕСКО Клубы- «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, психологиялық және философия PhD докторы Ғани Бейсембаевтың жетекшілігімен «Педагогикалық полилог» тақырыбындағы психологиялық-педагогикалық семинар-тренинг оздырылды. Осы семинар-тренингке біздің мектебіміздің ұжымы да қатысқан болатын.
Тамыз айының алғашқы онкүндігінде 2018 жылғы мектеп-интернат түлектері Нурхаев Ерлан М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің және Утаров Азат Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Машина жасау» факультетінің мемлекеттік грант иегерлері атанды. Бұл мектеп-интернат ұжымы үшін тамаша тарту болды.