Жаңалықтар

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының өнерпаздарын құттықтаймыз! М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің «Мәдениет және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық "Жас дарын" байқауынан "Эстрадалық ән" номинациясы бойынша 10а сынып оқушысы Дәріс Рысхан ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ осы номинация бойынша 11а сынып оқушысы Сәкенұлы Шапағат және «Халық биі», «Қазіргі заман биі»  номинациялары бойынша 10а сынып оқушысы Дәулет Дания және 11а сынып Байзоллаева Таңшолпан дипломант атанды. Ұйымдастырушыларға және оқушыларды дайындаған ұстаздары  Райхан Жалғасқызы мен Нургул Қуанайқызына алғыс білдіреміз!!!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының білімді оқушыларын құттықтаймыз!!! Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының 80 жылдығына орай  ұйымдастыруымен өткен "Білім марафоны" кешенді пәнаралық олимпиадасында 8а сынып оқушысы Бөкенбай Нұрсұлтан және 7а сынып оқушысы Жүрсінбаева Гүлден І орынға ие болды. Шараны ұйымдастырған әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Президент күніне орай  БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп- интернатының "Welcome to, ғажап жан!" жобасының қонағы М.Өтемісұлы  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев оқушылармен кездесті. Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша мәнді ойларымен, тарихымыз жөнінде құнды пікірлерімен бөлісті. Қонақ кәде ретінде Шәмшінің әнін әуелетіп, оқушылардың өнеріне қанықты. Мәнін жоймаған мағыналы шара оқушыларға үлкен ой салды деп ойлаймыз. Жоба жетекшілері  Гулзада Амангелдіқызы мен  Жанаргүл Аманқосқызы.

БҚО облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты  Елбасы күніне арналған шараларға белсенділік танытуда. Әрдайым баршаңызға мерекелік көңіл-күй тілейміз!!!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушыларын құттықтаймыз!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында "Тапқырлар марафоны" ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында "Бала құқығы-адам құқығы" республикалық онкүндігі  аясында жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, полиция капитаны А.Қожахметовпен  оқушы бойында заң алдындағы жауапкершілікті сезіну, өз құқықтарын аяқ асты еткізбеу, Отан, ата- ана, қоғам алдындағы міндет- борыштарын саналы түрде ұғыну сияқты сезімдерді қалыптастыру мақсатында "Өз құқығыңды біл" дәріс сабағы ұйымдастырылды.