Жаңалықтар

Балаларға қуаныш сыйлаудан артық рахат жоқ шығар. БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының директоры Ғұбаш Арыстанбек Нұққалиұлы үйден оқитын оқушыларымыздың үйлеріне барып  жаңа жылмен құттықтап,сыйлықтар ұсынып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Әрдайым балалар үшін істелген игі істер жалғаса берсін!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында  26-27 желтоқсан күндері балалардың асыға күтетін ең ғажайып мерекесі жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Балаларға ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.  

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп - интернат мамандарының бастауымен Meshta-i- Sotbori жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында бастауыш сынып оқушылары Мейірімділік- жүректен ұранымен жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Мейірім» мамандандырылған бөбектер үйіне барып, балалардың сүйікті ертегілерінің кейіпкерлері Аю мен екі Машаның киімін тігіп сыйға тартты. 

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 5 оқушысы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан балаларға арналған «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты жаңа жылдық шырша салтанатына қатысып, ерекше көңіл-күймен оралды.

8-желтоқсан күні БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат  оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы  үйірмелері  арасында өткен «Менің Отаным-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауына қатысып,  мектеп-интернат жанынан құрылған «Руханият-1» үйірмесі мүшелері 6а сынып оқушылары Душева Ақтілек «Астана» өлеңін мәнерлеп оқып, І дәрежелі дипломмен, Жолымбет Айберген «Тәуелсіздік» өленің оқып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, патриоттық әндер орындау бағытында «Руханият-2» үйірмешісі 9а сынып оқушысы Балтабай Данияр «Қазағым» әнін орындап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатына Құрманғазы атындағы  саз колледжінің студенттері "Достық көпірі" бағдарламасымен келіп, достарымыздың қатарын толықтырып кетті. Сазды әуенмен ырғақты бимен өрілген кездесу оқушыларға жақсы әсерін қалдырды деп ойлаймыз. Достарымыз көп болсын!!!! Біздермен дос боламын десеңіз, хабарласыңыздар!