Жаңалықтар

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары «Орал» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен әр түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы шаңғымен жүгіруден қалалық жарысқа қатысып, 6а сынып оқушысы Душева Ақтілек, 10а сынып оқушысы Аманша Мейрамбек І орынға, 5а сынып оқушысы Ахмедғали Айзере, 11в сынып оқушысы Ли Евгений ІІ орынға, 10а сынып оқушысы Тюлегенов Айдын ІІІ орынға ие болды. Жас спортшыларымызды құттықтаймыз!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында «Есімде Ауған соғысы» атты Кеңес әкерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай , Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында соғыс куәгерлері Муташев Қайрат және Баймурзаев Сапарәлі ағаларымен кездесу кеші өтті.  

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында жоғары сынып оқушыларына арналған мамандық тандау тақырыбында «Мамандық-өмір таңдауы» атты студенттермен кездесу кеші өткізілді.

    БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы  мектеп-интернатында математикалық бағыт  пәндері бойынша оқушылардың жобаларын қорғау дәстүрге айналды.

    Қозғалған мәселелердің тақырыбы орта буын оқушыларының өз ауқымымен және кең көзқарасымен таңқалдырады.

Үздік жоба қорғаушысы атанғандар  І орын  "Орыс тіліндегі математика" жобасымен Жолымбет Айберген және Даулетбаева Жасмин, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тюлебаева К. К., ІІ орын "Өрт қауіпсіздігі"-Ерсайын Мұратбек, "Жел энергиясын пайдалану" - Тасеменов Арлан," Жасөспірімдердің энергетикалық шығындары " -Бөкенбаев Нұрсұлтан-жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Жумагелдина Н. Е., ІІІ орын Амангелді Арман, Утаров Фархад "Танграм-шексіз өзгерістер" жобасымен, жетекшісі математика пәнінің  мұғалімі Султанова А.Т.

    Барлық қатысушылар риза болып, эстафетаны жаратылыстану-биологиялық бағытына салтанатты түрде табыс етті.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорының қолдауымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттау мақсатында  ІІ Қадыр оқуларына  қатысып,  10а сынып оқушысы Дәріс Рысхан І орын, 6а сынып оқушысы Душева Ақтілек ІІ орын, 8а сынып оқушысы Аманжанқызы Айбибі ІІІ жүлделі орындарға ие болды. Қазылар алқасының төрағасы әнші сазгер Донеділ Қажымов және кеш қонағы әнші сазгер Гүлнәр Дәукенова балалардың өнеріне жоғары баға берді.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының  1-9 сынып оқушылары  «Денсаулық күндері» аясында  «Евразия» туристік-сауықтыру кешеніне барып, таза ауада сырғанақ, коньки теуіп, бойларын сергітіп, тамаша демалыс өткiздi. Осындай тамаша көңiл-күй сыйлаған «Евразия» туристік-сауықтыру кешеніне алғысымыз шексiз! Қыстың қызықты күндері  таусылмасын!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп -интернатында дәстүрлі "Welcome to, Ғажап жан" жобасының қаңтар айындағы қонағы  Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Бауыржан Халиолла балалармен кездесті. Оқушылардың салмақты сұрақтарына салиқалы жауабын берген кеш қонағымен болған әсерлі сұхбат көпшілікке рухани демалыс сыйлады десек артық емес. Бауыржан Ергенұлының  өлең жолдарын ізбасарлары Талғат Мықи мен Орынбек Меңдіқұл жалғастырып өз өлеңдерін оқыды. Мағыналы кездесулер әлі де өз жалғасын таба береді.