Жаңалықтар

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының  «Welcome to, Ғажап жан!» жобасының кезекті  қонағы - елімізге танымал жүздеген әндердің авторы, әнші, сазгер Ербол Ақбасов болды. Әсерлі сұхбат, әдемі әнге жалғанып жақсы мерекелік көңіл-күйге ұласты. Кешті әсем әнімен әуелетіп, барабан тартып, оқушыларымыздың тосын сұрақтарына тосылмай жауап берген Ербол Жұмагелдіұлына үлкен алғысымызды айтамыз. Ғажап жанның ғажап қонақтары көп болғай!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 10а сынып оқушысы Дәріс Рысхан  Орал қаласында өткен "Батыс жауһарлары" атты республикалық байқауда «Көркем сөз» номинациясы бойынша Оралхан Бөкейдің «Жанар» монологын оқып, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. 

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп- интернатының «Welcome to, Ғажап жан» жобасының ақпан айындағы қонағы болып, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, актер - Самал Абуов пен ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса, аудармашы- Эльмира Макашева келді.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының 10 а сынып оқушысы Дәріс Рысханды Хамза Есенжанов атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өткен ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Лирика әлемінің ханшайымы» тақырыбындағы мектеп оқушылары арасындағы облыстық мәнерлеп оқу сайысында бас жүлде алуымен құттықтаймыз!!!!! Дайындаған жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Айжан Дүйсекешқызына алғыс білдіреміз.

Бүгін БҚО білім басқармасы және  облыстық әдістемелік кабинеттің қолдауымен БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында облыстық білім мекемелері басшыларына арналған "Көшбасшы мектебі" жобасы аясында  «Жаңашыл коррекциялық мектеп-кедергісіз келешек кепілі» атты шеберлік сынып ұйымдастырылды. «Көңілді шарлар» тренингінен бастау алған шараны  педагогтарымызбен жаңартылған білім беру мазмұны бағытында бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларымыз Брайль жүйесінде «Жеке құжаттарды  басып шығару» шеберлік сабағы, «Жігерлендіру (мотивация)- жетістікке апарар жол» жобаларын таныстырды.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатында 8-11 сынып оқушыларына арналған діни сауаттылықты арттыру мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Жакиев Назар Өтегенұлы және Ермекбаева Айгерім Халиоллақызының қатысуымен «Қазіргі жастар және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда ислам дінінің ілімі мен негіздеріне тоқталып өтті.    

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен қазақ әдебиетінің бәйтерегі, танымал  ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Толағай тұлға тарлан еді» тақырыбындағы  мәнерлеп оқу байқауына белсенділікпен қатысып, 8а сынып оқушысы Аманжанқызы Айбибі, 7а сынып оқушысы Жүрсінбаева Гүлден, 7а сынып оқушысы  Жігер Сәния алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Дүйсекешқызына алғыс білдіреміз!