Жаңалықтар

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатында 7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күніне және Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Біз, Жеңістің ұрпағымыз бақытты» атты  мерекелік іс-шара  өтті. Шара барысында қасіретті соғыс жылдарынан театрландырылған көріністер қойылып, әскери патриоттық әндер шырқалды. Мектеп-интернаттағы ер мұғалімдердің әскер кезіндегі суреттерінен көрме ұйымдастырылып, оқушылар ағайларының жалындаған жастық кездеріне куә болды.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Birligımız jarasqan" достық фестивалі өтті. Мектеп-интернатымызда  қазақ балаларымен бірге кәріс, украин, беларусь, татар, азербайжан, орыс ұлты өкілдерінің балалары бір шаңырақтың астында білім алуда.

«Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» ұйымдастыруымен өткен «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі» күніне арналған әр түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан қалалық жарыста БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының футбол командасы І-ші орынға ие болды.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында 2019 жылдың 22 сәуір күні мұғалім-тифлопедагог Мустафина Рауила Канатовнаның  «Көру қабілеті бұзылған балалардың қоршаған ортада тірек таяғын қолдана білуі»  

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатының қос бишілері 5а сынып оқушысы Қарағойшиева Амангүлді және 6а сынып оқушысы Душева Ақтілекті  халықаралық "Жұлдызай" фестиваліне өтулерімен құттықтаймыз!!! Жетекшісі Нургуль Қуанайқызына алғыс білдіреміз!

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында кезекті «Welcome to, Ғажап жанның»  қонақтары болып Raim & Artur және олардың DD Records командасымен бірге келді.

5 сәуір күні  Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Хадиша Бөкеева атындағы облыстық  қазақ драма театрында өткен  республикалық «Жұлдызай» фестивалінің іріктеу кезеңіне қатысып, «Вокал», « Хореография» номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті. Мектеп-интернатымыздың атынан бақ сынаған өнерпаздарға, жетекшілеріне алғыс білдіреміз!!!