Жаңалықтар

9-13 қыркүйек аралығында мектепшілік "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Ұланбасы сайлауы өтті.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында "Отбасы-бақыт мекені" республикалық апталығы аясында ата-аналармен іс-шара ұйымдастырылды. Шараға ата-аналар белсенділік танытып, өз тілектерін жеткізді.

6 маусым күні Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында  2018-2019 оқу жылының  қорытындысына орай «Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепішілік дәстүрлі  5-ші «Педагогикалық Оскар-2019» байқауы оздырылды. Мерейтойлық сайыста өткен жылдардың жүлдегерлеріне құрмет көрсетіліп, жаңа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл байқауда бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, 8  ұстазбен тәрбиешілеріміз сайысқа түсіп бақтарын сынады.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының «Нұр-Наз» дуэтін қазақ биі «Құрбылар» биімен "BI-Жұлдызай" ХІҮ Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жоғары деңгейде  өнер көрсетіп, «Хореография» (кіші топ)  аталымы бойынша 2 орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсыңдар қыздар! Жетекшісі Н.Қуанайқызына алғыс білдіреміз!

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында  26 мамыр мен 4 маусым аралығында балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  «Шырақ» жазғы  демалыс лагері жұмысын бастады.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында соңғы қоңырау салтанатты түрде  өтті. 

БҚО білім басқармасы және БҚО әдістемелік кабинетінің "SPARK-ИДЕЯ" жобасы аясында БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында ашық есік күні өткізілді. Бір күнге созылған шараға облысымыздың арнайы мамандары бас қосып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Ашық есік күніне қатысушылар мектеп педагогтарының сабақтарын көріп, тифлоқұрылғылармен танысты. Түстен кейін коррекциялық пәндер мамандарының ұйымдастыруымен ерекше дамуды қажет ететін балалармен жүргізілетін жұмыстар бойынша әдістемелік тәжірибе алмасу алаңында бас қосты. Шара соңында оқушылардың дайындаған шағын концерті қатысушыларға көтеріңкі-көңіл сыйлады деген ойдамыз. Шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғыс білдіреміз!!!