Жаңалықтар

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты республикалық экологиялық сағатына өз үлестерін қосып, мектеп ауласына 50 жасыл-желек екті.

БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары ұстаздарына мерекелік тартуын ұсынды.

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатымызда "Магнит-Желім-Қозғаушы күш" командалық топ құрылып "Оқытудың жеті модулі" атты коучинг өткізілді. Командалық топқа келген ұстаздар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Коуч: Жанаргул Аманкосовна

13 қыркүйек күні мектеп-интернатымызда  өрт сөндіру қауіпсіздігіне арналған оқу-жаттығу шарасы өтті. Барлығы ережеге сай, тиянақты жұмыс атқарылды. Мектеп-интернат директоры оқушылардың сауалына жауап беріп, көптеген маңызды ақпар берді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 98-тармағын орындау мақсатында облысымызда 9-14 қыркүйек аралығында "Өз жеріңді танып, біл" атты акциясы өтуде.

Апта бойы "Отбасы-бақыт аясы" тақырыбында мектеп-интернатымызда шағын фото-сурет көрмелері ұйымдастырылды.

Республикамыздың түкпір-түкпірінде "Отбасы - бақыт мекені" атты аталыммен апталықтар өтуде.