Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында облыстық арнаулы кітапхана ұжымы «Кітап-ең құнды сыйлық» акциясы аясында мектеп кітапханасына брайль қаріптен жазылған әдебиеттер мен аудиокітаптарды сыйға тартты.

Мектеп кітапханасының кітап қоры - М. Мақатаевтың «Өмірдастан», сондай - ақ М. Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас», М. Әуезовтың СД - дискідегі «Қорғансыздың күні» кітабы, 1СД-дискідегі А. Байтұрсыновтың «Ұлт ұстазы», Ә. Нұршайықовтың СД - дискідегі «Алтын соқпақ» кітаптары, СД - дискідегі З.Жұманованың «Ақбота» кітабы мен СД - дискідегі А. Баймұхамедовтың «Тастамашы ана», СД - дискідегі Ш. Мұртазаның «Бір кем дүние» кітаптары табыс етілді. Акцияны ұйымдастырған облыстық арнаулы кітапхана ұжымына алғыс білдіреміз!!!

 

Сұрақ қою