Ағымдағы жылдың 30 қазан күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің бастамасымен және «Жастар мәдениет үйі» МКҚК ұйымдастыруымен, «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Шексіз мүмкіндіктер» атты қалалық онлайн өнер байқауы 5 номинация; Вокал, үздік қолөнер шебері, хореография, көркем сөз оқу, аспапта ойнау бойынша жастар мәдениет үйінде өткізілді.

Байқауға мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болды.

«Вокал» номинациясы бойынша

1 орын -  Базарбай Мөлдір 11-15 жас

І  орын - Сарманова Диана 16-18 жас

1 орын -  Дәріс Рысхан 18 жастан жоғары

 

«Көркем сөз» номинациясы бойынша

ІІ орын- Сүндетов Артур 7-10 жас

ІІІ орын –Қуанышқали Жандос 7-10 жас

ІІІ орын- Турашев Жасулан 18 жастан жоғары

«Хореография» номинациясы бойынша

І орын – Карагойшиева Амангүл 11-15 жас

Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!