Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2020 жылғы 7 қазандағы №433-1/15-11-07 хатына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында
ағымдағы жылдың 29 қазан күні «Шексіз өмір» республикалық фестивалі өткізілді.
Фестивальге республиканың әр өңірінен 14 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар қатысты. Өңірімізден 6 оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
«Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту» номинациясы бойынша облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушысы Дәріс Рысхан /жетекшісі Р.Искакова/ ІІ дәрежелі дипломды иемденсе, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушысы Тимошенкова Анастасия /жетекшісі И.Семенова/ ІІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады.
«Хореография» номинациясы бойынша зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушысы Латип Азат /жетекшісі А.Амандыков/ І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер» және «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы бойынша облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушысы Жанболатова Әсем /жетекшісі Б.Валиев/ ІІ дәрежелі дипломды иеленді.
«Техникалық өнертабыстар» және «компьютерлік әзірлемелер, робототехника» номинациясы бойынша Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының үйірме мүшесі /Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі/ Аблаев Нұртілек /жетекшісі Е.Саханов/ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды жеткен жеңістерімен құттықтай отырып, жетекшілеріне шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!