БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өтіп жатқан "БІЗ - ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРЛЕРІМІЗ" атты облыстық акциясы аясында Кеңес Одағының батыры Георгий Жуковтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оқушыларға батыр ерлігі туралы айтылды.