Бүгін БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатындағы "Бәркеледі!" волонтерлік жобасына қатысуға ниет білдірген қолөнер шебері Жарқынай Рахметқызы тұмар жасаудан керемет мастер класс ұйымдастырды. Аурасы жеңіл бөлмеде, қазақ әндерін тыңдай отырып тұмар жасаудың жеңіл деңгейін бірге жасап үйренді. Қонағымыз тұмар туралы айтып, балаларды еркін әңгімеге тартып отырды. Балалар қызығушылықпен өз тұмарларын толық аяқтады. Шарамызға қолдау білдірген Жарқынай Рахметқызына үлкен алғыс білдіреміз!!!!!