БҚО мәдениет басқармасының Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен тіл мәдениетін көтеру

аясындағы "Менің Абайым!" атты ұлы ақынның 175 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауында өз өнерімен ерекшеленіп І орынға ие болған облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп -интернатының оқушысы Тұрашев Жасұланды жеңісімен құттықтаймыз. Жарық дүниені көрмесе де әлемді, Абайды жүрегімен көретін оқушымыздың жетістігі көбейе берсін.