БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері мектеп асханасын қарап, кешкі астың мәзірімен дайындалуы сапасын көрді. Отырыста мектептің атқарылған істері, алдағы уақыттағы жоспарлар талқыланып, кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды. Мектеп ауласына футбол алаңын жасау, оқушыларға демалуға арналған шағын субұрқақ орнын жандандыру, оқушыларды көлікпен тасымалдау мәселелері айтылды.