ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ ӨЗГЕ ҚЫРЫНАН ТАНЫ! БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында "Бәрекелді!" еріктілер жобасы өз жұмысын бастады. Апта сайын педагогтар мен ата-аналар,кіші қызметкерлер мектептен тыс уақытта айналысатын сүйікті істері, қолөнерлерін өз еріктерімен оқушыларға үйрететін болады. Басты мақсат толық үйретіп, жұмысты аяқтау керек. Аяқталған жұмыстың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, жәрмеңке ұйымдастырылуы, аз қамтылған оқушының туған күнін өткізу немесе өзге қайырымдылық шараларына жұмсалады. Өзге қырыңды таныт, әріптес!