2018 жылы  19 тамыз күні  Орал қаласындағы Зерде бұзылыстары бар балаларға  арналған  облыстық арнайы мектеп-интернатында  ЮНЕСКО Клубы- «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, психологиялық және философия PhD докторы  Ғани Бейсембаевтың жетекшілігімен «Педагогикалық полилог» тақырыбындағы  психологиялық-педагогикалық  семинар-тренинг оздырылды.  Осы семинар-тренингке  біздің мектебіміздің ұжымы да қатысқан болатын.

 

Семинар-тренинг барысында әр адамның өз бойыңдағы қасиеттерді саралауға, позитивті ойлай білуге, айналамызға махаббатпен, келешекке   үмітпен қарауға, әрдайым да  кешірімді , бақытты болудың өз қолымызда екенін түсінуге мүмкіндік берді. Семинар-тренинг соңынан  мектеп мұғалімдері арнайы сертификаттарға ие болды.

 

Жаңа  2018-2019 оқу жылы қарсаңында осындай семинар-тренингтің барлық әріптестерге жаңа серпіліс бергені үшін алғысымыз шексіз.