Тамыз айының алғашқы онкүндігінде  2018 жылғы мектеп-интернат түлектері Нурхаев Ерлан  М.Өтемісұлы атындағы  БҚМУ «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің және  Утаров Азат Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Машина жасау» факультетінің мемлекеттік грант иегерлері атанды.  Бұл мектеп-интернат ұжымы үшін тамаша тарту болды.

 

Түлектерді  ҰБТ-ге дайындаған пән мұғалімдері мен оларға тәрбие беріп, қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз! Біз түлектерімізбен  ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Білім алған мектеп пен ата-анасының үмітін ақтап,  алдағы уақытта  да жетістіктерге қол жеткізетіндеріңізге сенімдіміз.

 

Азат

 

Ерлан