Мектеп жанындағы «Шырақ» жазғы  демалыс лагері 26 мамыр мен 4 маусым аралығында жұмыс жасады.

1 - 7 сынып арасындағы 60 оқушыны қамтыған бұл лагерь  – танертеңгілік жаттығу, бес мезгіл тамақ, мәдени орындарға жорық, танымдық кештер мен түрлі ойындар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында әртүрлі тәрбиелік маңызы зор шаралар өткізіліп, драмалық театрлар мен мультфильмдер тамашалау сынды жұмыстарды демалыссыз 10 күн бойы  жүргізді. «Үш тілді оқытуды» меңгертіп, математикадан оқыту жұмыстары  мен дене шынықтыру,қолөнер,бейнелеу өнері пәндерінен үйрету жұмыстары жүргізілді.  Оқушылардың демалуын, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген эстафеталық ойындар мен тренингтер, сурет байқаулары, көрмелер ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Лагер демалушылары «Гагарин атындағы балалар кинотеатрына» барып, « Балта»  атты мултьфилмін , Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театырына барып «Алдардың мүрдісі» драмалық театрын тамашалап, керемет әсермен оралды

 

 

Облыстық  экологиялық- биологиялық орталығына барып, әр түрлі жануарларды қолмен ұстап көріп, олардың қалай тіршілік ететіні туралы мағлұмат алып келді.

 

 

 

 

      Суда жүзу адамның денсаулығына  өте пайдалы. Дененің жаттығуына ықпал тигізетін суда жүзуді біздің балаларымызда  үйренді.

 

 

 

БҚО балалар мен жасөсіпірімдер туризмі және экологиялық орталығына саяхат жасау арқылы оқушыларымыздың төзімділік, шапшаңдық қасиеттері артты.

 

 

 

Облысымыздың  тарихи жерлерін тану мақсатында Сырым ауданындағы Хазрет Жұмағазы -Дадем ата кесенесіне сапар шегіп, тарихымен танысып, киелі суынан дәм татып, көңілді күймен оралды.

 

 

 

Сондай-ақ, оқушыларымыз Жайық өзенінің бойында «Іштең жанатын Қозғалтқышты кемеде» (Теплоход) отырып, таза ауда демалып келді.

 

 

 

      Сонымен қатар, «Ертегілер әлемі» атты  сахналық қойылым ұйымдастырылды. Оқушылар рөлдерге бөлініп, ертегілер кейіпкерлері болып көріністерін қойды. Оқушылар рөлдерін  өте жақсы ойнап шықты.

 

 

 

«Этноауыл» жобасы аясында «Этно ауылға саяхат» шарасы ұйымдастырылды. Бірлік тобы- «Салт-дәстүрлер» ауылы, Достық тобы- «Қолөнер» ауылы болса, Апельсины тобы- «Ұлттық ойындар» ауылы болып, жан дүниеміздің рухани дамып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық ойындарымыздың жаңғыруына септігін тигізді.

 

 

 

 

 

3 маусым күні «Қимаймын,достар,  сендерді!» атты  лагердің жабылу салтанаты өтіп, оқушылар лагерден алған әсерлерімен бөлісті. Лагерь оқушылар көңілінен шықты.