Өнердің сан түрін меңгерген  мектебіміздің бірегей оқушыларының бірі Дүйсенғұлов Арман, Қуанышқалиев Асылбек, Сәкенұлы Шапағаттан құралған «Қанағат» атты трио тек мектеп- интернатымызда емес, көптеген байқауларда өздерінің әсем әндерімен талайды тамсандырып жүр. Абай атамыздың бес асылының бірін бойтұмар етіп таққан трио үстіміздегі жылдың  17 - мамыр күні мектеп-интернатымызда  шығармашылықтарына 5 жыл толуларына орай «Өмір - бақытым!» атты əдемі, əсерлі кеш өткізді. Кешті топты құрып, аяқтан тік тұрып кетуіне ұстаздық қолдау көрсетіп, жетекші болған Райхан Жалғасқызы ұйымдастырып, өнерлі оқушылары  өнердің, өмірдің биігінен көріне беруіне жүрек жарды тілегін білдірген мектеп- интернат директоры Арыстанбек Нұхқалиұлы келесі оқу жылында қаламыздың үлкен сахналарының бірінде әуелеген ән кешін өткіземіз деп, өнерпаздарымызға шалқар шабыт сыйлады. Кеш барысында  Атыраулық сазгер – Қуат Әбілов пен жерлес ақынымыз Мұнайдар Балмолданың «Қанағат» триосына арнап жазған  "Өмір-бақытым" əнінің тұсауы кесіліп, ән тыңдармандарына жол тартты.