Ұлы Жеңістің 73  жылдық мерекесі қарсаңында  Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп оқушыларымен бірлесе отырып, тыл ардагері, зейнеткер ұстаз Байменова Ғарипа Ахмадиқызымен кездесу ұйымдастырылды.

 

 

Байменова  Ғарипа Ахмадиқызы 1934жылы жиырма үшінші наурызда Теректі ауданы,Ақсуат ауылының, Тельман бөлімшесінде дүниеге келген.   ҰОС кейін пансионатта білім алып, жоғары оқу орнына түсіп,43 жыл Шыңғырлау ауданында қазақ тілі және әдебиеті, тарих, қоғамтану пәндерінен сабақ беріп, мұғалімдік қызмет атқарған. 

 

 

 

 

Оқушылар  Байменова Ғарипа Ахмадиқызының қызықты әңгімесін тыңдап болып, ардагерге өздерінің қолдан жасалған сыйлықтарын сыйлады. Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары  «Адай»күйін тарту етіп, оқушылар ардагердің ақ батасын алды.