Қасиеті мен қасіреті қатар өрілген Ұлы Жеңістің 73  жылдық мерекесі қарсаңында, етігіне қан толып, толарсағымен саз кешкен жылдары оқ дауылының ішінде аттан салған жауынгерлер мен шейіт болған талай боздақтарды еске алу, құрметтеу мақсатымен Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты тәрбиеленушілері "Мәңгілік алау" кешеніне гүл шоқтарын қоюды жөн көрді.


Ұлы Отан соғысында құрбан болғандар мәңгілік жүрегімізде! Арайлап атқан әрбір таңымыз бейбіт болсын! Сәбилеріміз бен аналарымыз, елін, жерін қорғайтын айбынды азаматтарымыз аман болсын!