Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты оқушыларының  «Мектеп жобасынан -  білімнің шыңына» ашық халықаралық ғылыми-сарамандық конференциясының  «Бірлесіп, көп жасаймыз » атты әлеуметтік жобасына қатысқандығы  туралы мәлімет

 

 2018 жылғы  26 сәуірде  РФ Самара  қаласының №17 түзету  көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының базасында мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың «Мектеп жобасынан -  білімнің шыңына»  ашық  халықаралық ғылыми-сарамандық конференциясы  өткен болатын. Конференция  жұмысы 6 секцияда өтті.

        

Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары конференцияға қатысып: өз ғылыми жобаларын ұсына отырып, мақтау қағаздары мен жүлделі орындарға ие болды.

           

I орынға иеленгендер: 11асынып оқушысы Е.Дәрібаев «Ұлттық аңшылық тарихынан. Құсбегілік.» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі А.Ф.Батырова, 10всынып оқушысы Ш.Ибраев  «Ұшақтар және олардың апатқа ұшырау себептері» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Н.Е.Жұмагелдина, 9всынып оқушысы Н.Калинушкина  «Қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрлері» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: тәрбиеші Н.С.Нефедова, 8асынып оқушысы А.Қадырбекова  «Қазақ және орыс халқының құда түсу рәсімдері. Ерекшеліктері мен ұқсастықтары» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Қ.Тасболатова.

           

II орын иеленгендер: 10всынып оқушысы Ж.Ли және 9в сынып оқушысы Лесунович М.,   «Тұмар: тарихы мен мағынасы» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Қ.Тасболатова.тәрбиеші А.М.Балажан, 10всынып оқушысы Э.Ищанов  «Кубик Рубика» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі А.Т.Сұлтанова, 5асынып оқушысы М.Нұржан  «Әдепті сөздердің адам көңіліне әсері» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: орыс тілі пәнінің мұғалімі К.К.Тюлебаева, 4всынып оқушылары А.Амангелді, Ф.Утаров  «Ұлттық нақыштағы оюлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: Р.Қ.Мұстафина, 2всынып оқушылары А.Амир, С.Севрюгин  «Микробтар әлеміне саяхаты» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: А.Ч.Шәмшиева.

           

III орын иеленген: 7асынып оқушысы Н.Бөкенбаев «Орал қаласының әдебиетке бай жерлері» тақырыбындағы жобасы бойынша, жетекшісі: орыс тілі пәнінің мұғалімі К.К.Тюлебаева.

           

Сонымен қатар, конференцияға Ресей Федерациясының 8 мектебінен: Самара облысы мен Самара ,Тольятти, Кенель және Алексеевка қалаларының өкілдері қатысты.

           

Конференция дамуында ерекшелігі бар балаларды әлеуметтендіру бағытындағы мол мағынасы бар,  ұйымдастырушылық шеберлігімен жоғары деңгейде өтті.

 

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз