2018 жылдың сәуір  айының 24 жұлдызында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер  кітапханасында «Асқақтай бер, Астана!» тақырыбында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған облыстық мәнерлеп оқу байқауына көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатынан 6 оқушы қатысты.

 

Қатысқан оқушыларымыздың еңбегі бағаланып  5а - сынып оқушысы Душева Ақтілек ІІ дәрежелі дипломмен, «Кітапқұмар» номинациясы бойынша 5б - сынып оқушысы Жолымбет Айберген, 7а - сынып оқушысы Аманжанқызы Айбибі  диплом иеленсе  7а - сынып оқушысы Казетов Бекназар, 6а - сынып оқушылары Шаху Рита мен Жігер Сәния алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктері үшін шын жүректен құттықтаймыз!